«ҚАРА МАЙОРДЫ» НЕГЕ ҰМЫТАМЫЗ?

10
2775

Кеше екі адамға «Халық қаһарманы» атағын беру туралы Елбасы жарлығы шықты. Оның бірі алдыңғы шассисіз «Fokker -100» ұшағын Астана әуе жайына қондырған кеме командирі Олег Родин болса, екіншісі детонацияланған гранаттан жауынгерді қорғап өзі жаралы болған 6505 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары Қайрат Үмбетов. Бұған ешқандай дауымыз жоқ.

Картинки по запросу қара майор

Қайрат Жарылқасынұлы бір жауынгердің өмірін қорғап қалса Ауғанстан соғысында ондаған жауынгердің өмірін қорғап, командирлік біліктілігімен бүкіл аймақты мойындатқан, «Қара майор» атанған Борис Төкенұлы Керімбаевтың қаһармандық істері неге ұмыт қалады? Оны кезінде Ахмед Шах Масудтың өзі жоғары бағалаған. Басына 1 миллион афгани тіккен.

Борис Төкенұлы енді екі жылдан кейін 70-ке келеді. Алматы облысы Жамбыл ауданының тумасы. 1970 жылы әскери училищені тамамдап, түрлә әскери бөлімдерде қызмет етті. 1980-1983 жылдары Ауғанстанда шайқастар қызып тұрған шақта мұсылман батальонының командирі болды. Сауатты командир ұрыстарда көбіне ұтып отырды, жауынгерлерін мағынасыз түрде оққа байлаған жоқ. Шығындары өте аз болды. Оның ерлігі аңызға айналған. Есімі «Спецназ ГРУ СССР» деген кітаптағы тізім бойынша төртінші орында. 1992 жылы доғарысқа шықты. Ол туралы «Қара майор» деген фильм де түсірілді. Қазір оншалықты денсаулығы да жоқ. Осындай азаматымыз көзі тірісінде неге бағаланбайды? «Халық қаһарманы» атағына неге ілікпей жүр?

Марат Тоқашбаев,

Фейсбук парақшасынан алынды

10 ПІКІРЛЕР

  1. Халык батырларын тирисинде багалау керек курметти министирлер мен ел агалары. Бул киси аныз адам гой.огыстан аман шыккан адамнын ози батыр.

  2. Бұндай қарамайорлар ауғаныстанды қорғайтың пенделердің бастарың кескен. Қазіргі насист орыстар Украинадағыдай.

  3. Ауғандардың жүз мыңдаған бейбіт тұрғындарын, оның ішінде сәбилер мен қарттарды, әйелдер мен мүгедектерді оққа байлаған совет әскерлерінің офицерлерін Қазақстанның ең жоғары атағымен марапаттау саясат, идеология, мораль, адамгершілік жағынан да дұрыс емес!

  4. Қара майор сары майорлардың басқыншылық саясаты мен бұйрығын орындады. Қазақ елін қорғаса бір сәрі.

  5. Орынды пікір. Басқыншылық «қара майордыкі» емес, «сары майорлардың» саясаты ғой, бауыреем. Сізше Ауғанда болған барлық сарбаздың ерлігі мен төгілген қаны түк емес пе? Ерлік болмаса елдік те болмас еді.

  6. «Халық қаһарманы» атағы мынау екі азаматқа да артық, бұларға 1-дәрежелі Ерлік орденін берген жөн болатын еді. Ұлы атақ елі, жері, халқы үшін жанқиярлық аса ерекше ерлік жасаған майдангерге берілетін. Бізде бұл атақ: әншіге де, сазгерге де, құрылысшыға да, мұғалімге де берілді. Бірақ, неге екені белгісіз, Бауыржан Момышұлы мен Талғат Бигелдіновке берілмеді. Мүлде түсініксіз. Кім қарсы болды екен? Президент Назарбаевтың өзі болмаса, басқа кім оның қолын қаға алады? Баукең мен Такең кешегі СССР-ға, шет елдерге де мәлім нағыз Қаһармандар еді ғой?! :oilanu:

  7. Толық қолдаймын.Сол кездегы буын естып мактанып жүргеннымыз рас.Осындай Керімбаев, Т. Аубакиров сияқты батыр ағалардың арқасында қазақ халқы батыр халық болып танылады.Жас ұрпақ үлгі алатын батыр аға Халық қахарманына толық лайық. Өз батырларымызға атақ беретін кезде көп толғанатын қасиетіміз бар ғой.

  8. Өте орынды жазылған. Біреуге кінә арту үшін оның орнына өзіңді қойып ойлан. Бұл екіншіге айтып отырмын. Оның орнында сен болсаң да Мемлекетіңің тапсырмасын орындау парызың Әсіресе ант берген әскери адамға. Оны ойдағыдай орындап талай адамды өлімнен қорғап қалған адам,әрі дұшпанның өзі мойындаған адам батыр атағына әбден лайық! Ол шын батыр!

  9. Ауғанстандағы Кеңес әскерлері Кеңес одағының басқыншылық саясатын жүзеге асырды! Енді басқыншы әскерлердің басшыларын Тәуелсіз ел Қазақстанның ең жоғары атағы: «Халық қаһарманымен» марапаттау ақылға сыймайтын іс!!!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз