Ақтауда зорланған алты жасар қыздың өмірі қала әкіміне керексіз бе?!.
2016 ж. 01 қыркүйек
3396
6
ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Ақтауда зорланған алты жасар қыздың жағдайы туралы айтты. Бұл туралы today.kz хабарлайды.
[caption id="" align="alignleft" width="285"] Ақтау қаласының әкімі С. Тұрымов[/caption]Осы орайда аталмыш қылмыс орын алған Ақтау қаласына еріксіз назар аударамыз. Себебі, осыған дейін әлі де Ақтау әкімі Серікбай Тұрымов кішкентай сәбидің өміріне алаңдаушылық білдіріп, бір ауыз пікір білдірмеді. Министрдің өзі сәбидің өміріне араша түсіп жатқанда, әкімнің тыныш жатқанын қалай түсінеміз?
Министрдің айтуынша, қыз балаға барлық қажетті ем қолданылып, көмек көрсетіліп жатыр.
“Қыздың жағдайы тұрақты. Барлық қажетті ем көрсетіліп жатыр. Денсаулығы жақсарады деп үміттенеміз. Қазір оны отандық дәрігерлер емдеп жатыр. Үздік мамандар өз кеңестерін берді. Әзірге шетелдік дәрігерлердің көмегін пайдаланбай, өз күшімізбен реттеп жатырмыз”, – деді Дүйсенова.
[caption id="attachment_84826" align="alignright" width="346"] ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова[/caption]Оқиға 20 тамызда Ақтау қаласында болды. 6 жасар қыз әжесімен дүкенге бірге барғанда оны белгісіз біреу ұрлап кеткен. Екі сағат бойы өздері іздеп таба алмағасын олар полицияға шағымданған.
Қыз бала кешке қарай ес түссіз күйде «Нұр плаза» жағажайына қарсы бетте табылған. Ол жереу аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Осы оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 120 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бұған дейін Маңғыстау облысының әкімдігі алты жасар қызды зорлаған қылмыскер туралы ақпарат берген адамға 3 миллион теңге сыйақы тағайындағаны хабарланған еді. Кейінірек қызды зорлаған күдіктінің ұсталғаны хабарланғанымен, оның қылмысқа нақты қатысы бар екені расталмады.