Елімізде саны ең көп ру анықталды
2016 ж. 28 тамыз
76435
86
Қазақстанда саны ең көп ру анықталды. Stan.kz 2013 жылдан бері Қаныш Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ профессоры Баян Рақышев жүргізген зерттеудің нәтижесін жариялайды.
Ал ең саны көп рулардың көшін Арғын бастап тұр. Олардың саны 2 090 000 адам. Одан кейін Дулат (1 390 000) пен Байұлы (1 120 000) орналасқан.
Сан жағынан әлеуетті рулардың қатарына Найман (940 000), Әлімұы (811 900), Қоңырат (690 000), Қыпшақ (640 000), Жетіру (580 000), Жалайыр (485 000), Қаңлы (380 000), Керей (341 000), Албан (325 000), Шапырашты (290 000) және Ысты (225 000) кірген.
Ал ең саны аз рулар: Суан (165 000), Ошақты (160 000), Сіргелі (160 000), Уақ (160 000).
Зерттеу қорытындысы бойынша, 1916 жылдан бері басқаларға қарағанда Суан (4,2 есе), Шапырашты (4,14), Албан (4,06), Қыпшақ (4), Жалайыр (3,73) руларының саны артқан. Ал Байұлы (1,34), Әлімұлы (1,6) және Жетіру (1,61) руларының аз өсімдері олардың 30-жылдардың бас кезінде Түркіменстан, Ресей, Өзбекстан аумақтарына жаппай қоныстанып кеткендігімен байланыстырылған.