Ақтауда ұрлап әкетіп зорлаған 6 жасар бүлдіршін ауыр халде жатыр
2016 ж. 23 тамыз
2325
0
Облыстық емханаға жарақатымен жеткізілген бүлдіршін қазір ессіз күйде жатыр. Бұл туралы балалар емханасының бас дәрігері Кәмшат Тұрсынбекова айтып берді.
Бұл туралы Лада хабарлайды.
Бүлдіршін қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Бас дәрігер оның соққы алғанын, зорланған белгілері барын айтады.
«Қазір қыздың жағдайы ауыр. Қажетті тексерулерден өткіздік. Қыз бала аяусыз зорлыққа түскен», – дейді дәрігер.
«Ол қазір ессіз күйде жатыр. Оның ми жүйесін қалпында сақтау үшін оны есін жиғызбай отырмыз. Ол зорлықтан бөлек күн астында көп уақыт қалып қойған. Бүлдіршін бірнеше соққы алған», – дейді Кәмшат Тұрсынбекова.