Ақтауда бір уақытта екі көлік өртеніп кетті (ФОТО)

Ақтауда 14-ші ықшамауданында бір уақытта екі көлік өртеніп кетті Өрт сөндіру қызметі келгенге дейін көліктің біреуі толығымен өртке оранған, - деп хабарлайды Лада Маңғыстау облысы ТЖД-нің Өрт сөндіру және апат-құтқару қызметіне сілтеме жасап.

Ақтауда бүгін, 10 тамызда, шамамен сағат 04:54-те өрт сөндіру қызметінің кезекші бөліміне 14 ықшамауданындағы 15 үйдің жанында автокөліктің өртеніп жатқаны туралы хабар түскен. Өрт сөндірушілердің келгенінше бір көлік толығымен жанып, қасындағы тұрған көлікке де от тиген.

"Өрт сөндірушілер оқиға орнына тоғыз минутта жеткен. Олардың келген уақытында Hyundai Tucson көлігі толығымен жанып кеткен, ал Honda CR-V көлігінің артқы жағы жанған. Өрт 5.20-да толығымен сөндірілді", - деді өрт сөндіру және апатты-құтқару қызметінің мамандары.

Қазіргі уақытта Маңғыстау облысы ТЖД-нің мамандары өрттің неден шыққанын анықтап жатыр.

Дереккөз: tengrinews.kz