Ақтөбе облысында ішімдікке тойып алған екі қыз ер адамды зорлап кетті
2016 ж. 01 тамыз
3702
1
Ақтөбе облысында екі әйел ер адамды зорлап кетті. Оқиға кезекті қыдырыстардың бірінен кейін болған.
Тентек суға тойып алған жігітті екі қыз жетектеп әкеткен. Көлікке отырғызып, бос пәтерлердің біріне әкеліп, ойларына келгенін істепті.
Оның айтуынша, сол күні есі кіресілі-шығасылы болған. Жақын таныстарының отырысында қалай мас болып қалғаны белгісіз. Есінде қалғаны, бойжеткендердің бірі айналып келіп, бетінен сүйе беріпті.
"Оянсам, үстімде түк киім жоқ. Киімдерімді қалай шешкенімді өзім білмеймін. Әйтеуір, еміс-еміс есімде қалғаны, екі қолтығымнан екі қыздың сүйреп келе жатқаны. Бес қабатты үйдің бесінші қабатына дейін сүйреп әкеліпті", - дейді жігіт.
Айтуынша, оянғаннан кейін дереу айнаға қарайды.
"Бет-аузынан түк қалмаған, қыздар сүйіп тастаған. Басқасын айтпай-ақ қояйын. Қыз балалардың иіс суының иісі, одан қалды алкогольдің иісі мұрын жарып барады. Жуынып-шайынып болған соң, пәтерден кетіп қалдым. Мен шығып бара жатқанда олар ессіз ұйықтап жатқан еді", - дейді жігіт.
Жалпы, "қарап тұрған жігітке қыз артылудың" соңы бұл емес.
Ақтөбеде, еліміздің өзге қалаларындағыдай, бай кісілер ашыналары мен тоқалдарын баспанамен, көлікпен қамтамасыз етеді. "Демеушісі" мазаламайтын кезде басы бос келіншектер жас жігіттерді іздейтін болса керек.
Кейбір такси жүргізушілерінің айтуларына қарағанда, қалада бойжеткендердің біріне үнемі жігіттер келгіштейді.
"Тұрақты түрде клиент тасимын. Сонда байқайтыным, бір мекенжай бойынша үнемі жас жігіттер, меніңше студенттер, үнемі бір үйге келеді. Ал оларды әрдайым сол үйден шығатын қыз бала күтіп алып, жол ақысын өздері төлеп береді", - дейді такси жүргізушісі.