Түрмедегі қылмыскерлер енді колледждерде білім алады
2016 ж. 28 шілде
2651
0
Ақтөбе облысында қатал тәртіптегі колонияда жазасын өтеп жатқандар колледждерде білім алатын болады. Ақтөбе облысының билігі түзету мекемелерінде жазаларын өтеп жатқан азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету және жұмыспен қамту мәселелеріне ерекше назар аударып келеді. Соның ішінде сотталғандардың кәсіби дайындығы мен қайта даярлауға мән берілуде.
[caption id="" align="alignnone" width="987"] Көрнекі сурет: www.azattyq.org[/caption]«Ақтөбе ақпарат» орталығының мәліметінше, Мұғалжар ауданының Жем қаласында орналасқан КА-168/5 қатал режимдегі колониясында көпсалалы колледж ашылмақ. Кадрлар ағаш және жиһаз өндірісі шебері, электр газ дәнекерлеуші, тігінші және электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь-электрик мамандықтары бойынша даярланады. Қазіргі таңда оқу кабинеттері мен өндірістік шеберханалар жабдықталып, оқытушылар құрамы іріктелуде. Сабақ осы жылы басталады деп жоспарланып отыр. Алғашқы жылы колледжге 100 студент қабылданады. Оларға 15 педагог дәріс оқиды.
- Оқуға түсетін сотталғандарға кәсіби тұрғыда бағыт-бағдар береді. Олардың жеке істері қаралады. Бұрын-соңды кәсіби білім алмағандарға басымдық беріледі. Колледж жанынан 4 өндірістік зертхана жұмыс жасамақ. Сонымен бірге түзету мекемесінің жетекшілігі кәсіпкерлерді колония аумағында өндіріс орындарын ашуға шақырады. Егер олар цехтар ашатын болса, колледж студенттері ол жерде тәжірибеден өтер еді, - дейді облыстық білім бақсармасы басшысының орынбасары Руслан Бегімбетов. Оның айтуынша, бүгінге дейін КА-168/5 мекемесінде тек кешкі мектеп жұмыс жасап келген.
Айта кетейік, жаңа колледж Ақтөбе облысында сотталғандар білім алатын бірден-бір орта-мамандандырылған білім беру мекемесі емес. КА-168/2 мекемесінде ұсталар, электр газ дәнекерлеуші, токарь және тігін істері оқытылады. Өнеркәсіп аумақтарында сотталғандарды жұмыспен қамтып отырған бірнеге кәсіпкерлік субъектісі бар.
qazaquni.kz
Материалды көшіріп басу үшін qazaquni.kz порталына гиперсілтеме беруіңіз қажет.