Қайрат Жолдыбайұлы деген қазақтың дара азаматы, ғалым, теолог, көрнекті дін қайраткері бар екенін баршаңыз білесіз. Сол Қайратқа қарсы кейінгі аптада жала, қаралау, даттау секілді лас әрекеттер жасалып жатқанын да көріп отырсыздар.
Ақиқатын білуші Алла, менің ойымша, Қайрат – ақ адам. Қазаққа болсыншы, ұлт оянып, көкірегіне сәуле түссінші деп жүрген Аға. Ақ адамға боқ жұқпайды, ағайын. Алайда, жүрегінде дақ қалады.
Қайрат қорғаушыға зәру емес. Қайратты қорғау арқылы Бірігуге Біз зәруміз! Азаматтық пікір мен еркектік әңгіме осындай тұстарда айтылуы керек.
Қайраттың жауы – Қазаққа жау, Ұлтқа жау!
Ел бірлігі нығайсын, Ұлттық Дәстүр мен Салт Төріңде қалсын десең, қазір айтасың, ағайын!
P.S. Қалыс қалуға болмайтын, тек Таңдау жасайтын кездер болады ғой Еркектің өмірінде...
P.S.S. Қару алып, ел қорғайтын кез емес. Ұлттың жыртысын жыртатын, Қазаққа Қазақ тілеулес, идеялас, мұраттас болатын кез қазір. Болмаса, қазақты орыс қылғысы, американ қылғысы, араб қылғысы, түрік қылғысы келетіндер көп-ақ...
Алмас Алтайдың Фейсбуктегі парақшасынан алынды