Атысқандар діни сектанттар болса, Президент барлығын қатаң тазалауы керек!
2016 ж. 18 шілде
5317
13
Алматыда атысып жүргендер діни сектанттар ма, әлде, дінмен қатысы жоқ жай бұзақылар ма?
Ислам дінімен қатысы жоқ бұзақылар болса, меніңше, бұлай полиция мекемесіне ашық түрде қарумен басып кірмейді. Бұзақылар көбінесе ақша мен өзге де дүниелік қажетке бола, немесе жеке бас араздық үшін қан төгеді.
Ал мына қанішерлердікі – не мақсат екені қазірге белгісіз. Егер сақаліс, бақабістер болса, біздің Президентімізге енді көп ойланудың қажеті жоқ. Ел басшысы және бас қолбасшы ретінде ашық бұйрық түсіріп, Ислам атын жамылып, өзге сектаға енген барлық топтарды ашық тазалауы керек.
Құқық қорғаушылар жылдам қимылдап, бас идеологтарын өте тездікпен ұстап, алдына өлім жазасын, қалғанына өмір бойғы түрме жазасын кесіп, Қазақ Елін қорқыныш пен қантөгістен арылтуы керек.
Енді кешіксек, тәуелсіздіктен айырыламыз. Қазақ тағы қан жұтып, құлдыққа түседі...
Аллам өзі жар болсын!
Ұларбек ДӘЛЕЙҮЛЫ,
Фейсбук парақшасынан.