ШОРТЫ ЖАЙЛЫ ШОРТ* СӨЗ...

жанар ...Батыстағы бір облыс орталығында қонақта отырмыз. 60-тағы мен, 74-тегі алматылық елге белгілі ағам, 80-нен асқан тағы бір ақсақал бар. Отағасы 50-дің жуан ортасындағы жігітағасы. Оның жақында ғана студент атанған бір қызы да қызмет етіп жүрді. Қызмет еткені құрысын... Қыздың бұтындағы шортигі тізеден жоғары болса мейлі еді, қарасанның бітер жерінен, тура май құйрықтың түбінен! Үстелді айналып олай өтеді, бұлай өтеді. Менен үлкен екі кісі ескерту жасамаған соң, мен де үндей алмадым. "Санымызды жарқыратып балықтай" демекші, аталарының алдындағы Гүлжан Емына жүрісінің ерсілігі қыздың ойына кіріп-шықпайтыны көрініп тұр. Әке мен шешенің берген тәрбиесінің түрі сол ғой. Сірә, мәдениет деген осы деп ұғатын сияқты... 17 жасар қыз сөйтіп жүргенде,  әбден "болары болып, бояуы сіңген" Жанар  Айжановаға бір нәрсе деуге бола ма? Шорты кигені былай тұрсын, Гүлжан Ерғалиева секілді елді шошытып, тыржалаңаш суретін салып жібермесін деңіз бір күні... Өмірзақ Ақжігіт, qazaquni.kz *Шорт - ағылшынша - қысқа