Алматыда Алланың аты жазылған орамжапырақ табылды (фото)
2016 ж. 11 шілде
2448
0
Қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіретін Ораза айт мейрамының екінші күні Алматы қаласында «Алла» жазуы бар орамжапырақ табылды, деп хабарлайды BNews.kz.

Орамжапырақтың ортасында жазылған Жаратушының есімін Алматы қаласының жас тұрғыны Жадыра Дауылбайқызы әкесіне түскі ас әзірлеп жатқан кезде байқаған.

«Таугүл» мешітінен діни сауатын ашқан Жадыра «Алла» деген жазуды бірден байқапты. Жадыраның отбасы мұны жақсылықтың нышаны деп қабылдап отыр.