Астанада 19 жастағы бойжеткен 22-ші қабаттан секіріп кетті

Астанада 1997 жылы туған қыз бала 22-ші қабаттан секіріп кетті деп хабарлайды baq.kz.

Астанада 19 жастағы бойжеткен 22-ші қабаттан секіріп кетті

Қайғылы оқиға шілденің 2-сіне қараған түні Астанадағы «Байқоңыр» тұрғын-үй кешенінде болған. Осы оқиғаға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Алдын ала болжамға сәйкес, 1997 жылы туған қыз суицидке барған, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі ішкі істер органдарына сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, тексеріс кезінде қыздың аты-жөні анықталды. Ол - Қостанай облысының 19 жастағы тұрғыны.

Үйінде ол туған-туыстарымен көп жанжалдасқан көрінеді. Ал маусым айының ортасында жұмыс іздеймін деп, Астанаға кетіп қалған.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, далада жүрген адамдар оның құлағанын көрген. Себебі ол күні Қадір түні болған.