Талдықорғанда қабірді жылдам қазудан жарыс ұйымдастырылып жатыр
2016 ж. 01 шілде
2258
6
Талдықорғанда қабір қазудан жарыс ұйымдастырылмақшы. Қабір қазушылардың жарысы туралы хабарлама облыстық газетке жарияланған.

Ұйымдастырушылар Талдықорған, Үштөбе, Көксу, Текелі және Қарабұлақтағы қабір қазушылардың жарысқа қатыса алатынын айтқан. Команда 2 адамнан жасақталуы тиіс.
Сондай-ақ, жарыстың төрешілері мен сарапшылар да шақыртылыпты. Бір қызығы, мұндай жарысты кім ұйымдастырып жатқаны көрсетілмеген.