Не масқара?!! Нью-Йорктағы гей-парадта Қазақстан туын көтеріп шықты
2016 ж. 27 маусым
3342
4
ҚР СІМ-нің, ҚР АҚШ-тағы елшісінің түсініктеме беруін талап етеміз!
Facebook қолданушысы Александр Смирнов Ньй-Йорктегі гей-парадтың фотоларын жариялады. 26 маусым күні өткен парад Орландодағы Pulse гей-клубында қаза тапқандардың құрметіне ұйымдастырылған. АҚШ тарихындағы ең үлкен гей-парадқа Қазақстан өкілдері де қатысып, еліміздің туын мақтанышпен алып жүрген.

Осыған ұқсас акциялар АҚШ-тың өзге қалаларында да өтті.
Парадқа қатысушылар қатарында АҚШ президенттігіне үміткер Хиллари Клинтон мен Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио да бар.
Еске сала кетейік, Орландо гей-клубындағы теракт кезінде 50 адам қаза тауып, 53 адам жарақат алған болатын.