Мәсімовтің екі түрлі нәскиі

Кеше елордада билік өкілдерінің қатысуымен «Астана-Дуатлон-2016» жарысының өткені белгілі деп хабарлайды skifnews.kz.

Аяғына екі түрлі шұлық киген Кәрім Мәсімов жұрттың күлкісіне қалды (фото) 

Премьер-министр Кәрім Мәсімов бастаған "элита" қатарында gрезидент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Ұлттық банк төрағасы Болат Жәмішев және велоспорттан Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтар болды.

Жарыстың нәтижесі қоғамда сөз болған жоқ, жұрттың талқылағаны осы "элита" өкілдерінің киімдері болды. Әсіресе, әлеуметтік желі пайдаланушыларын Кәрім Мәсімовтің екі түрлі шұлық кигені күлкіге қарық қылды.

Аяғына екі түрлі шұлық киген Кәрім Мәсімов жұрттың күлкісіне қалды (фото) 

Ал, оның спорттық жейдесін көрген жұрт "Мәсімов шаңғышы болып кеткен бе?" деп әзілдеп жатты. Сондай-ақ, премьер-министр мен мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қатар тұрып түскен суретін көргендер француздар түсірген "Астерикс және Обеликс" фильмін есіне алып жатты.

Ал, шындығына келгенде, Мәсімовтің киген киімі де, мінген велосипеді де арзан дүние емес екені көзге оттай басылды. Оның екі түрлі шұлығы расында білместіктен емес, қазіргі жастар арасында, әсіресе футболшылар арасында "мода" екенін айта кету керек.

Дерек көзі: skifnews.kz