Шымкентте атыс болды
2016 ж. 20 маусым
2572
0
[caption id="attachment_53792" align="aligncenter" width="530"]
11 қабатында атыс болған "Яссауи" тұрғын үй кешені[/caption]
Шымкент орталығында сағат шамамен 15.00-де атыс болған, - деп хабарлайды "Отырар".
Қарудан оқ Иляев көшесіндегі "Яссауи" тұрғын үй кешенінің 11-ші қабатынан атылған. Полицейлер орта жастағы ер адамның оқ атқанын анықтады. Оның екі тапаншасы мен тегіс ұңғылы қаруы тәркіленді.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, 11-ші қабатта ер адам тұрады. Оның тәртібі күмән туғызады екен. Пәтерде терезелер сынған.
Дерек көзі: "Отырар"
