Елбасы еліміздің келесі президенті әйел адам болуы мүмкін екенін меңзеді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президентінің әйел адам бола алатынын айтты. Бұл туралы ол Санкт-Петербургте өтіп жатқан экономикалық форум барысында мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Назарбаев: Қазақстан президенті әйел адам болуы мүмкін
"Сіздер неге Қазақстанда әйел адам президент бола алмайды деп есептейсіздер? Әбден болуы мүмкін. Гендерлік саясат жақсы дамып келе жатыр, билікте әйел адамдар көп. Парламентте 30 пайыз әйел депутат  бар. Оның үстіне, менің де үш қызым бар", - деп қалжыңдай жауап берді Назарбаев.
Назарбаев: Қазақстан президенті әйел адам болуы мүмкін
Сөз соңында президент әйелдерге "ерекше көзқараста" екенін айтқан. Еске сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев ресми іссапармен Санкт-Петебургте жүр. Дерек көзі: NUR.KZ