«Ресоциализация. Сен қоғамға керексің! »
2016 ж. 14 маусым
2258
0
Ағымдағы жылдың 20 мамырында Түрксіб аудандық «Халықты жұмыспен қамту бөлімі» бөлімінің мамандары Иембердиева Эльмира Туғанбайқызы, Жарылқасын Жансая, Дабулова Лола Дауырханқызы Түрксіб ауданында орналасқан Қылмыстық-атқару жүйесінің ЛА-155/18 мемлекеттік мекемесінің (тергеу изоляторы) шаруашылық қызмет көрсету жасағында жазасын өтеуші сотталған азаматтармен кездесу өткізді. Кездесуде мекеменің тәрбие ісі жөніндегі бөлім басшысы, әділет майоры Наурызбаева Гульмира Біләлқызы және бөлім мамандары Базаркулов Е.С , Турлыбеков К.М . қатысты. Кездесудің басты мақсаты түрме реформасының ұсынысы бойынша «Ресоциализация. Сен қоғамға керексің!» ІІІ-ші форумын іске асыру арқылы жергілікті басқару органдарымен бас бостандығынан айрылу орнынан босатылған азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша іс-шаралар жүргізу болып табылады. Аталмыш шараның негізгі мақсаты – бас бостандығынан айырылу орнынан босатылған азаматтарды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету және «Жұмыспен қамту жол картасы -2020» бағдарламасы аясында тұрақты жұмысқа орналастыру болып табылады. Кездесу барысында сотталғандарға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін жұмысқа орналасуларына жәрдемдесу, кәсіби даярлау, қайта даярлау, біліктіліктерін арттыру, қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру және қоғамдық жұмыстарды істейтін жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу, табысы аз азаматтарға жататын жұмыссыздарға заң актілеріне сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету сияқты түсініктер берілді. Екі жақтың мамандары осындай іс шараларды кездесулерді жиі өткізіп тұруға уәделесті .
Э. Иембердива бөлім маманы
qazaquni.kz