Ақтөбе оқиғасы: 10 күдіктінің біреуі ғана қолға түскен
2016 ж. 05 маусым
2584
0
Ақтөбедегі атыс кезінде шабуылдаған бес адамның көзі жойылды. Мұндай мәліметтерді Tengrinews.kz тілшісіне күш құрылымдарындағы дереккөз хабарлады.
"Бесеуі өлтірілді, біреуі ұсталды, 10 күдікті", - деді ол.
Еске салайық, бүгін Ақтөбенің бірнеше ауданында атыс болған еді. ҚР ІІМ өкілдері белгісіздердің "Паллада" қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасағаны жайлы хабар келіп түскенін хабарлады. Сонымен қатар тағы бір қару-жарақ дүкеніне және Ұлттық гвардияның әскери бөліміне шабуыл жасалғаны белгілі болды.
Дерек көзі: tengrinews.kz