Ақжолдықтар саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды
2016 ж. 01 маусым
2335
0
Мамырдың 31- і саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Жаңалық елді мекеніндегі Саяси қуғын сүргін құрбандарына арналған ескерткіш алдында үлкен жиын болып өтті. Жиынға Қазақстандағы түрлі саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері және жазықсыз сотталып, атылып кеткен марқұмдардың ұрпақтары қатысты. 1937-1938 ші жылдары Алматы қаласы мен Алматы облысынан саяси кінә тағылған екі мыңнан астам адамды осы Жаңалық ауылының іргесіне әкеліп атып, кейбірін тірідей көмген оқиға ұмытылған жоқ. Алашорда белсенділері мен саяси қуғын-сүргін көрген қандастарымыз атылған орынға арнайы салынған мемориалдық-кешенінде салтанатты «Азалы жиынға» барып, құран оқып тағзым етілді. Бұл республикалық іс-шараға «Ақ жол» ҚДП Алматы қалалық филиалының белсенділері Д. Беков, К. Жамыканова, Б. Қойгелдиева және «Ақ жол» ҚДП Алматы облыстық филиалының төрайымы М. Шынасилова қатысып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. qazaquni.kz |