Мұндайлардан бәрін күтуге болады?
2011 ж. 21 қаңтар
1606
4
Сыртымнан қол қоюға кім рұқсат берді?
Қойшыбай ЕСЕНТАЙ, «Ел» мен
«Республика кз» газеттері Бас директоры:
«Мен ешқандай Үндеуді білмеймін. Маған біреулер хабарласқанда «Жас қазақ үні» газетіне шыққан Ақтаулық кәсіпкер Қаражан Сердалиевтің Әйтеке би туралы сұхбаты мен Қазыбек Исаның мақаласы жақсы екен, шындықты ашыпты. Соны жариялайтын шығармыз» дегенмін. Бұндайлардан бәрін күтуге болады. Оларға кім рұқсат берді менің сыртымнан қолымды қоюға? Осыдан-ақ білуге болады олардың кім екенін, тірліктерінің қандай екенін...»