Әйгілі кәсіпкердің қылмысы енді құпия түрде тексеріледі
2016 ж. 30 мамыр
2386
2
Шымкенттік кәсіпкер Тоқтар Төлешовтің ісі құпияланды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берілген жауапта айтылады.
"Қазақстан Республикасының ведомствоаралық жедел-тергеу тобы арнайы прокурордың басшылығымен Т.Д. Төлешовке қатысты және өзге тұлғаларға қатысты ауыр және аса ауыр қылмыс деректері бойынша №160000031000014 қылмыстық істі тергеп жатыр. Сонымен қатар, қылмыстық қудалау органы ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 47-бабының талабының негізінде мемлекеттік құпиялар құрамындағы мәліметтерді қорғау бойынша шараларды қабылдау мақсатында іс материалдарын құпиялау туралы шешім қабылданды", - деп хабарлады Бас прокуратурадағылар.
Еске салайық, белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешов 2016 жылдың 30 қаңтарында Шымкентте арнайы операция кезінде ұсталған болатын. Тінту кезінде үйінен және жұмыс орнынан қару-жарақ, есірткі заты және оқу құралдары анықталып, тәркіленген еді. Кәсіпкермен бірге үш адам ұсталды.
Дерек көзі: tengrinews.kz