"...Алаңда бір газель арматура және 5 миллион теңге жоғалтып алдым..."

Тәуелсіздік алаңы Тəуелсіздік сарайы алдынан енді кете бергенде "жұмыссыз"екі полиция жақын келді. Қасыма шақырдым. бірі жас, екінші 40 жастарда капитан. -не істеп жүрсіңдер? -жай, өзің? -Мен осы алаңда бір газель арматура және 5 миллион теңге жоғалтып алдым, "Қосшыда" үй салайын деген... Үлкені қарқылдап күлді, жасы дым түсінбей үлкеніне қарады. Өте кішпейіл полицияны Бірінші рет көруім. Әңгімелесіп, тарқастық. Ниеті түзу, жақсы жігіттер екен. Іштей өздері де қарсы екен жер сатуға. Serik Kerey