Алматы полициясы бес адамды ұстады: Пәтерлерде тапаншалар мен гранаталар табылған
2016 ж. 21 мамыр
2263
3
Алматы полицейлері "Астана" алаңы мен Республика алаңының маңында жүргізілген жедел шаралардың барысында өртенетін сұйықтығы бар шөлмектер, арматураның ондаған данасы, металл түтікшелер мен бензин құйылған канистраларды тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сонымен қатар, Алмалы және Медеу ауданындарындағы екі пәтерден бірнеше қару, оның ішінде Макаров және "ТТ" жүйесіндегі тапаншаларды, шолақ мылтықтар, бірнеше оқ-дәрі, РГД-5 төрт граната, сонымен қатар жалпы сомасы 5 миллион теңге болатын ақшалай қаражат тапты. "Күдікпен бес адам құқық қорғау органдарына жеткізілді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр және күдіктілермен байланысы барлар анықталып жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
© Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі
Бұған дейін құқық қорғау органдары қызметкерлерінің Бәйсейітова көшесі аймағын: Абай даңғылынан жоғары, Республика алаңының маңына дейінгі аралықты қоршауға алғаны хабарланған еді. Куәгерлер кәріз құдығында белгісіз қаптың табылғанын айтты.
Әлеуметтік желілерде жарияланған суреттерден полицейлердің қоршауға алынған жерді тексеріп жатқанын көруге болады. Жолда металл темірлер, түтіктер, сонымен қатар шыны бөтелкелер мен белгісіз сұйықтық құйылған пластик бөтелке жатыр. Кадрдан полицейлердің табылған заттардағы саусақ іздерін тексеріп жатқанын байқауға болады.
Дерек көзі: tengrinews.kz