Анасының ерлігінің арқасында дана болған...

эйнштейн Әйгілі физик Эйнштейннің төрт жасқа дейін тілі шықпайды. Басы қазандай, өз жасына лайық емес толық бала болады. Басының формасына бір алаңдап, тілі шықпағанына тағы алаңдаған ата-анасы «бұл бала ауру шығар» деп қорқады. Төрт жастан кейін ғана тілі шыққан болашақ ғалым тоғыз жасында ғана сөздердің басын құрап, дұрыс сөйлей бастайды. Ата-анасы «бұл баланың ақыл-есі кеміс болды ғой» деген уайымнан осы кезде ғана арылады. Шығармалары адам жүйкесін емдейтін Бетховеннің тағдыры шым-шытырық, тағдырдың бетховенкартинасы. Тағдыры басынан сипай қоймаған дарынды бала бірбеткей, ешкімге жағынбайтын, жалтақтамайтын. Мәңгілік жалына жармасқан композиторды бір кезде «дарынсыз оқушы» деп таныған мұғалімін уақыттың өзі айыптады. Американдық өнертапқыш ғалым Томас Эдисонның анасының ерлігі ешкімді де бей-жай қалдырмайды. Бір күні кішкентай Томас мектептен келіп, анасының қолына мұғалімнің беріп жіберген хатын ұстатады. Анасы баласына дауыстап хатты оқып береді. «Сіздің балаңыз – гений! Біздің мектепте сіздің балаңызды оқытуға қабілеті жететін мұғалім жоқ. Сол себепті, балаңызды өзіңіздің оқытуыңызды сұраймыз» деп жазыпты» деп анасы көз жасын сүртеді. Сол күннен бастап Томасты анасы өзі үйде оқытып, баласының жан-жақты дамуына барын салады. Арада қаншама жылдар өтеді. Томас отбасылық хаттарды ақтарып отырып, сарғайған бір хатты тауып алады. Хатта «Сіздің балаңыздың ақыл-есі кем, біз оны өзге балалармен бірге оқыта алмаймыз. Сол себепті, өзіңіздің оқытуыңызға кеңес береміз» деп жазылған болатын. Бұл кезде анасы өмірде жоқ еді. Әлемге есімі әйгілі ғалым еңіреп жылап отырып, күнделігіне былай деп жазады: «Томас Алва Эдисон ақылы кеміс бала болатын. Анасының ерлігінің арқасында өз ғасырының генийіне айналды».
Аягүл Мантай
Фейсбук парақшасынан