Қазақстанда егістік жерлері жойылып кетуі мүмкін дейді "жер комиссиясының" мүшесі
2016 ж. 15 мамыр
6866
6
«Тайынша Астық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жетекшісі, Жер реформасы бойынша республикалық комиссияның мүшесі Анатолий Рафальский егер Қазақстанда егістік жерлер тиімді пайдаланылмайтын болса, олар 2065 жылы жойылып кетуі ықтимал деп есептейді.
Жер құнарсыздануының статистикасын ол өзі егіншілікпен айналысатын Солтүстік Қазақстан облысының мәліметтеріне сүйеніп жасап отыр. А.Рафальскийдің келтірген деректері бойынша, СҚО-да 7,2 млн. гектар ауыл шаруашылығы жері бар. 1991 жылдан бері оның көлемі 1,8 млн. гектарға дейін төмендеп кеткен. Ал егістік жерлер өңірде шамамен 4,8 млн. гектарды құрайды, ол жиырма бес жылда 518 мың гектарға азайып отыр.
«Бұнда тек сандар сөйлеп отыр ғой. Негізінде құнары аз жерлердің көлемі артуда. Бұндай үдеріс барлық аудандарда орын алып жатыр. Егер бұл ары қарай жалғаса берсе, егер біз ешқандай шара қолданбасақ, 2065 жылға қарай біз тіпті егістік жерлерімізден айырылып қаламыз. Сондықтан тезірек шара қолдануымыз шарт. Жаңа Жер Кодексінде ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануымызға, жерді нарықтық айналымға шығаруымызға қажетті нормалардың барлығы қарастырылған», - деп атап өтті А.Рафальский.
Дерек көзі: ҚазАқпарат