Сананы сорлатқан суицид

0
1674

2010 жылдың соңғы он айында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жас өспірімдер арасында 19 суицидтік әрекет жасалды.

Қазіргі таңда бұл індет мектеп оқушылары арасында белең алуда. Ата-аналар мен балалардың, мұғалімдер мен оқушылардың, жастардың өзара қарым-қатынастарынан туындаған келіспеушіліктер салдарынан өзіне-өзі қол жұмсау Республика өңірінде де көбеюде. Оған дәлелді суицидтің 340-ы анықталғаны, 211-і көз жұмғанын атауға болады. Ал оның ішінде ата-анасы мен бала арасындағы конфликтен  19-ы туындаса,    9-ы махаббат машақатымен,  7-і түрлі жағдайлардың орын алуынан өз-өзіне қол жұмсаған. Әлде де  127-сі анықталған жоқ. Басқа да облыстарға қарар болсақ, Шығыс Қазақстан облысы бойынша-25, Алматы облысында-22, Қарағанды да-21, Ақмолада-18, Жамбыл облысы бойынша-16 суицидтік әрекет тіркелген.

Мұндай келеңсіздіктердің орын алуы мектеп жасындағы балалар мен жастар өмірінің  өркендеуіне  әсер етері сөзсіз. Ал, аталған облыстардағы білім ошақтарында бала тәрбиесіне психологиялық қызметтің әлсіздігі кінәлі болса, осы тұста  отбасындағы ата-аналардың балаларымен арасындағы байланыстың реттелгені де жөн. Алдамшы сезімнің жетегіне ерген жастардың болмашы нәрсе үшін өз өмірлерін құрбан етуі суицидтің өріс алуын үдетері қақ. Ендеше, арқанға асылып бақилықты аңсайтын жастар өмірінің былай бағыт алуына тосқауыл болатын кім бар?

Ақмарал Искакова

Халықаралық Қазақ-түрік университеті

«Журналистика» бөлімінің 4 курс студенті

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз