Жаңа жылда кәмпитті абайлап жеңіз

0
1035

Орал қаласындағы дүкендердің бірінен шоколад сатып алған жергілікті тұрғын ойламаған оқиғаға тап болды. Ол алған кондитер өнімдерінің ішінен жыбырлаған ас құрттары шыққан. Бұл тәттілер дүкенге осыдан екі ай бұрын түскен екен.

Жергілікті тұрғын дүкенге келіп шағымын айтқаннан кейін сатушы Татьяна Пичорина әлгі кондитер өнімдерін шығарған компанияға тиісті шара қолдануды талап деп отыр.

Таң қалмасқа шарамыз жоқ. Десек те әрбіріміз мұндайдан сақ болайық. Әсіресе мектеп оқушыларына жылтырағанның бәріне әуестенбеуді ескертіп отырғанымыз артықтық етпес.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз