Біреудің қаңсығы бізге неге таңсық?

Соңғы уақытта елімізде шетелдік дәрігердің қолынан зардап шегетін балалардың саны артып тұр.

Апта басында Астанадағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында Оңтүстік Кореядан келген дәрігер екі жарым жастағы Райымбекке операция жасап, оның ауруының асқынуына себепші болған. Бұл оқиғаның артынша ресейлік дәрігер  жасаған операциядан кейін үш жасар Рүстем Ыдырысов мүгедек болып қалды. Ата-аналар болса, мұндай келеңсіз жағдайдың орын алуына медициналық орталықтың басшыларын кінәлі дейді. Аталмыш Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығын қазір Австриядан келген мамандар басқарып отыр. Егемен ел болғанымызға жиырма жылға жуықтаса да, не үшін біз әлі күнге дейін шетел мамандарының қызметіне жүгінеміз? Жоқ әлде біздің отандық дәргерлер олақ па? біреудің қаңсығын таңсық етеміз деп, орны толмас өкінішке ұшырағанша, барымызды бағалай білгеніміз жөн шығар.