Жер кодексіне жасалған мораторийді өнер жұлдыздары қуана қабылдады (фото)
2016 ж. 07 мамыр
3103
8
Жер кодексіне жарияланған мораторийді отандық жұлдыздардың қалай қабылдағанын NUR.KZ порталы назарларыңызға ұсынады.
Талайдың көкейінде жүрген даулы мәселенің уақытша тоқтағаны жұлдыздарды қуантты. Олар желідегі парашқасында сүйінші хабармен бөлісіп, өз әсерлерін жазған. “Мораторийдi естiп… Аллаға сансыз мадақ деп… Шешiмiн таппас сұраққа жауап iздеп…. Бауырларыммен ақылдасуға Алматы қаласына әдейi ұшып келiп едiм… Алла өзi тауып бердi… Ең дұрыс шешiмдi… Ешқашан, ешқандай жалға Жер берiлмеуiн бекiтiп тастауымыз керек!!! Алла ұзағынан сүйіндірсін!!! Сүмірейіп келiп едiм, самғап кетiп барамын Астанама!!! Өзімнің Алматымнан өзімнің Астанама!!! Құтты болсын, Қазақ елi !!! Көзімнің алды бұлдырап кетті….”почему-то”, – деп жазған Қыдырәлі Болманов өз парақшасында. Қыдырәлімен қоса, Сәкен Майғазиев, Абай Бегей, Нұржан Керменбаев және өзге де танымал ел-ағалары Жер кодексіне қатысты жаңалықты қуана қабылдаған.Дереккөз: Nur.kz