Атақты актер ислам дінінің пайдасы туралы айтты
2016 ж. 06 мамыр
3258
0
Әлемге әйгілі киноактер Жан-Клод Ван Дамм араб телеарналарының біріне берген сұхбатында дұрыс тамақтанудың адам денсаулығына пайдасын айтып берді.
Бұл туралы ummet.kz жазады.
Оның айтуынша, дұрыс тамақтануға байланысты Мұхаммед пайғамбар енгізген мұсылман қағидалары деннің саулығын ойлаған әрбір жан үшін өте дұрыс таңдау болмақ.
«Исламдағы тамақ ішуге байланысты не айтылғанына назар салыңыздар... Мұхаммед пайғамбар өте ақылды адам еді. Ол адамзатқа не пайдалы екенін өте жақсы білген. Сол себепті, дұрыс тамақтану туралы менен сұрамаңыздар. Тарихқа үңіліңіздер, пайғамбар сөздерін тыңдаңыздар, іздегендеріңізді табасыздар» деді Ван Дамм.
Дерек көзі: ummet.kz