Ақордадағы жиын: Қандай өзгерістер болады?
2016 ж. 05 мамыр
2228
0
Ақордада Мемлекет басшысының төрағалығымен күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша отырыс басталды, - бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Ақордада жаңа ғана Мемлекет басшысының төрағалығымен кеңес басталды. Шара барысында қазіргі күн тәртібіндегі мейлінше өзекті мәселелерді талқылау жоспарланған. Кеңеске Парламент палаталарының төрағалары, Премьер-Министр, Президент Әкімшілігінің басшысы, Үкімет мүшелері мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысып жатыр", - деп хабарлады Президенттің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Facebook желісінде.
qazaquni.kz