ЕТ ЖЕМЕУШІЛІК АҚЫЛ ЕС КЕМУІНІҢ КЕПІЛІ

Гурганьедегі(Индия) «М Артемис» денсаулық институтының неврологы Правен Гуптаның айтуынша ет жемеген адамдардың қартайған кезінде ақыл есі төмендейді.

Қарттық келгенде ақыл-ес нашарламас үшін ет жемейтін адамдарға ағзадағы В-12 дәруменінің мөлшерін мұқият қадағалап отыру қажет екен. Ол дәруменнің таптырмас көзі болып сүт және оның өнімдері, балық, жұмыртқа, моллюска табылады.

Маманның айтуынша, В-12 дәруменінің ұзақ уақыт жетіспеуі мидың белсенділігін кемітіп, еске сақтау және адамның жұмысқа деген қабілетін төмендетеді екен. Ғалымды ет жемейтіндердің  сүттен бас тартып отырғандығы алаңдатады. Бұл  ет жемейтіндердің денсаулығына одан сайын кері әсерін тигізетін көрінеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми статистикасына сүйене отырып, Правен Гупта үнді халқының жартысынан көбі ет жемейтіндер екендігін алға тартады. ДДС мәліметі бойынша Индияда  Альцгеймер ауруымен ауыратын және ақыл есі төмен адамдар саны 3,5 миллионнан асады екен. Сонымен қатар, Индияның әрбір мың адамға шаққандағы 30 шақтысы 40 жасында дәрігерге депрессия, қорқыныш, ашуланшақ, және еске сақтау қабілетінің төмендеуіне шағым жасап келеді екен.

Ал мұның себебін маман В-12 дәруменінің жетіспеушілігімен байланыстырады.

Динар КАМИЛОВА