Жұмыссыздарға ұрлық жасауға рұқсат етілді
2016 ж. 04 мамыр
4323
0
Италияда жұмыссыз украиналықтың тамақ ұрлап ұсталғаны соттың күтпеген шешіміне ұласты. Елдің Жоғарғы соты ашыққандарға тамақ ұрлауға заңды түрде рұқсат берді. Бұл туралы varlamov.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.
Ашыққаннан амалсыз азын-аулақ тамақ ұрлау бұл елде енді қылмыс деп саналмайды. Осылайша үйі-күйі жоқ украиналық азамат Роман Остряков супермаркеттен 4,07 еуроға ірімшік пен шұжық ұрлағаны үшін жауапкершілікке тартылмайтын болды.
Аталмыш азамат 2015 жылы ұрлық жасағаны үшін сотталып, алты айға түрмеге қамалған. Бұдан бөлек 100 еуро көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелген.
Италиялық БАҚ сот шешіміне оң көзқарастарын білдірді. La Stampa басылымының жазуынша, енді "аман қалу құқығы" "меншік құқығынан" жоғары тұрады. Бұл үкім "тіпті төменгі тап адамдары да аштан қатпауы керектігін" бәрінің есіне салады.
Corriere Della Sera мәліметтеріне сәйкес, Италияда күніне 615 адам күнделікті жейтін нанын таба алмай отыр
Дерек көзі: Nur.kz