Жерді жалға алған шетелдіктер елімізге қанша еңбек күшін әкеле алады?
2016 ж. 03 мамыр
2133
1
Еліміздегі шетелдіктердің жұмыс күшінің үлес салмағын кім бақылайды? Бірлескен кәсіпорындарды құруда шетелдіктер барлық жұмыс орнын иемденіп алады деген қауіп жоқ емес деп жазады Қамшы порталы.
Қазақстанға шетелдік азаматтардың келуі туралы мәліметті соңғы 5 жылда Қазақстанға келуші шетелдік азаматтардың саны әлі өзгере қоймағандығымен толықтырып өткім келеді. Жыл сайын біздің республикамызға орта есеппен түрлі мақсатта бір миллионнан артық шетелдік азаматтар келеді (тіркеледі). Бұлар туристер, іссапармен келушілер, студенттер, жұмысшылар және т.б. Олардың басым бөлігі (80-90%) – ТМД елдерінің азаматтары.
Қазақстандағы шетелдік жұмысшылардың қызметі квота арқылы реттеледі, яғни үкімет қаулысымен біздің елімізге табыс табу үшін келген шетелдіктердің ең жоғарғы саны белгіленеді. Бұл квота экономикалық белсенді тұрғындардың 0,7%-нан асып кетпейді. Мысалы, 2016 жылы квота 63 мың адамды қамтиды. Өткен жылы да квота мөлшері жоғарыдағы көрсеткішпен шамалас болды, 2015 жылы 32 мың адамға елге кіруге рұқсат берілді. Сонымен, квотаның 50% игерілді.
Осыған байланысты, квота отандық еңбек нарығында көрініс тауып отырған тапшылықты жоюға, еңбек нарығына білікті жұмысшыларды тартуды көздейді. Олардың тек 2054 адамы ауылшаруашылық жұмыстары үшін келді.
14. Қазақстан жерін жалға алушы шетелдік жер пайдаланушы өзінің отандастарын бірлескен жұмысқа тарта ала ма?
Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін жұмысқа тарту мемлекеттік жылсайынғы квотамен шектелген және тек ғана білікті жұмысшыларға таратылады. 2016 жылы квота 63 мыңды адамды құрады және қазақстандық жұмысшылар санының 0,7%-нан аспайды. Шетелдіктердің біздің елімізде болу рұқсаттарының жарамдылығы жылдан аспайды, мерзімі өткен кезде олар Қазақстаннан кетеді.
Бұдан басқа, шетелдік жұмысшылардың саны осы немесе өзге кәсіпорында жұмыс жасайтын жұмысшылардың жалпы санының 10% - дан аспауы қажет. Бұл норма тек қана жұмыс берушілерге таратылады.
15. Біздің түсінуімізше, қазақстандықтар үшін жер – сакралды тақырып. Дәл қазір оны жалға беру немесе сату мәселесі басты мәселе емес. Жер – бұл ана. Ана ешқашан сатылмайды және ешкімге жалға берілмейді.
Бәрімізге белгілі, жер-ана байлығымыз, ал еңбек - оның әкесі! Еңбек және жер – байлықтың қайнар көзі. Ел өнімді көбірек өндірген сайын байи түседі. Байлықтың қайнар көзін өндірістен іздеудің қажеттілігі туындауда. Қазақстан ауқымды ауылшаруашылық ресурстарын ие. Біздің еліміздің жер қоры 272,5 млн гектарды құрайды.
Бұл біздің баға жетпес ұлттық байлығымыз, өкінішке орай, күні бүгінге дейін осы ұлттық байлығымызды тиімді пайдалана алмай отырмыз. Жылдар бойы жерлеріміз өңделмей, арамшөптер басып, деградацияға ұшырауда. Еңбек ету және жерді өңдеу арқылы жер еліміздің шын мәніндегі байлығы мен дәулетіне айналады.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін жерімізде алдыңғы қатарлы әлемдік технологиялармен жабдықталған өзіміздің үлкен-үлкен шаруашылықтарымызды өркендетуге барлық жағдайлар жасаймыз.
ҚР Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі