Алтынның орнына күмісті тағу сыры
2016 ж. 02 мамыр
4117
0
Ұзақ жылдар бойы алтынның адам ағзасына тигізер әсерін зерттеп келген канадалық зерттеушілер осы металдан жасалған әшекей бұйымдар адамды күйзеліске алып келетінін хабарлады. Канада ғалымдары алтын бұйымдарды мүлдем тақпаңыздар демей, керісінше тек түнде шешіп қоюға немесе орнына жүйке қызметін реттеп, артериялық қысымды төмендететін күмісті тағуға кеңес береді.
Тәжірибе нәтижесі бойынша, теріге тиген алтын жүйке қызметін нашарлатып, зат алмасуды тежейді әрі көңіл-күйдің бұзылуына себепкер болатындығы анықталды. Эмоциялы адамдарды күйзеліске әкеліп соқтыруы мүмкін. Мұнымен қатар. қояншық ауруына шалдыққандар үшін аса қауіпті. Әшекей бұйымдардың көздің жауын алып жарқырауы қояншық ауруының ұстамасына алып келеді.
Ал күмістің әсері керісінше. Оны адамзат ежелден қолданып келеді: күміс ыдыстардан тағам жеген, күміс су ішкен, оның көмегімен түрлі ауруларды емдеген.
Күміс қосылған тағам: Күмістен жасалған немесе күміс қосылған тағам дегенді естуіңіз бар ма? Жақын арада Е174 деген атауы бар сирек әрі қымбат тағам қоспасы жасалынды. Ол әдеттегідей кондитерлік тағамдарды әшекейлеу үшін пайдаланылады. Осы секілді Е175 атты алтын қоспасы бар. Бұл күндері алтын қаптамаға салынған шоколадты, алтын көбігі қосылған шараптарды, алтын иондары бар суды кездестіруге болады.
Күмістің зияны: Күмістің дәмін татып көруге болғанымен, ағзаға тигізер кері әсері де бар. Күн сайын адам ағзасына тағамдар мен су арқылы 7 микрограмм күміс түседі. Оның ағзаға артық мөлшерде түсіп, бауырға жиналу қасиеті бар. Ми, өкпе, гипофиз, көздің шатырша қабығында күміс мөлшерінің көп болғанына қарамастан, артық болуының еш пайдасы жоқ. Алайда медицина саласында «ағзадағы күміс тапшылығы» деген ұғым жоқ. Ағзада күміс мөлшерінің артуы аргентоз ауруына әкеліп соқтырады. Сол себепті күміс иондары бар суды пайдалануға тыйым салынады. Ол суды бактериялардан тазартпайды, тек көбеюін тежейді.
Күмістің пайдасы: Бұл металл түрінен жасалған әшекей бұйымдарды тағу денсаулыққа пайдалы. Жүрек пен жүйке жүйесін қалпына келтіріп, асқазан мен бас ауырғанды басады. Шаршағанды сергітіп, күйзелістен арылуға септігін тигізеді.
Күмістің қараюы: Күмістен жасалған әшекей бұйымдарымыздың қарайып кеткен сәттері бәрімізде болған шығар. Кейбір адамдардың керісінше терісі қарайып жатады. Күмістің қараюы құрамындағы тотығып, қарайып кету қасиетіне ие медий қоспасының әсерінен. Тершең адамдарда бұл үрдіс жылдам жүреді. Бұдан өзге қараю ауа ылғалының ауысуы мен косметикаңызды жаңартудан болуы әбден мүмкін.
massaget.kz порталынан алынды.