ҚАЗАҚ ЖЕРІНІҢ ҚАНШАСЫ ШЕТЕЛДІКТЕРДІҢ ҚОЛЫНДА? (инфографика)
2016 ж. 29 сәуір
7168
0
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі өзінің Facebook-тағы парақшасында Қазақстандағы Жерлерді пайдалану туралы инфографиканы жариялады.
Жерді пайдалану құқығы
- 1990 жылдың 16 қарашасында қабылданған Жер кодексі туралы Заңға сәйкес, ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлер ҚР азаматарына, заңды тұлғаларына, және шетел азаматтарына жалға беру шарты бойынша уақытша пайдалануға берілді (қысқа мерзімді – 3 жылға, ұзақ мерзімді 10 жылға)
- 1995 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен “Жер туралы” Заң бойынша ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер ҚР азаматтары мен шетелдік азаматтарға жалға беру шарты бойынша уақытша пайдалануға ұсынылды. (ұысқа мерзімді – 3жылға, ұзақ мерзімді – 3 жылдан 99 жылға дейін) Шетелдік жер пайдаланушыларға жерді пайдалану құқығы – мемлекеттік табиғи гранттарды қоспағанда жер учаскесін жалға беру келісімі негізінде ұсынылды.
- 2001 жылғы “Жер туралы” Заңға сәйкес, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер ҚР азаматтары мен шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға 10 жыл мерзімге жалға беру бойынша пайдалануға екінші рет қайта пайдалану құқығынсыз берілді. Ал жеке тұлғалар мен жаңды тқлғаларға 49 жылға берілді (қысқа мерзімді 5 жылға дейін, ұзақ мерзімді – 5 жылдын 49 жылға дейін)
- 2003 жылдың 22 қазанындағы Үкіметтің №1071 қаулысы бойынша әкімшілік аудандардың шет аймағында орналасқан шетелдік жер пайдаланушылар мен азаматтығы жоқ немесе шетелдік заңды тұлғаларға берілген ауыл шаруашылық өндірісіне арналған жерлердің максмималды көлемі бекітілді.
- 2011 жылы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар, заңды тұлғалар және жарғы капиталында шетелдіктердің 50 пайыз үлесі бар азаматтар үшін ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді 10 жылға жалға беру бойынша уақытша пайдалану нормасы енгізілді.
- Аталған норма 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін күшін жойған жоқ. 2014 жылдың 29 желтоқсанындағы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” ҚР Заңы бойынша шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар, заңды тұлғалар және жарғы капиталында шетелдіктердің 50 пайыз үлесі бар азаматтар үшін ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді жалға беру мерзімі 25 жылға ұзартылып, уақытша пайдалану шарты енгізілді.