Министрдің баспасөз хатшысы кімдерді тараканға теңеді?
2016 ж. 26 сәуір
3044
2
Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз хатшысы Қайсар Жұмабайұлы журналистердің бүгінгі жүргізген сауалнамасын көріп, тарақандар есіне түсіп кеткенін жасырмады.
ҚАЙСАР ЖҰМАБАЙҰЛЫ
Бұл туралы ойымен хатшы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасы арқылы бөлісті деп жазады Корреспондент.
«90-шы жылдары Алматыдағы көптеген пәтерлерде тарақандар толып жүретін (қазір ғой Қызыл кітапқа енгелі тұрғаны). Өздері сондай жиіркенішті... Сонда түнде тұрып ас бөлмесіне барып, жарықты қосып қалсаң, тыпырлап қашып, тығылушы еді... P.S. Журналистердің бүгінгі сауалнамасын көріп, есіме түсіп кетті», - деп жазды Қайсар Жұмабайұлы.
Баспасөз хатшысы бұл пікірі арқылы кімдерді меңзегенін өзге желі қолданушылары бірден түсініп қойған секілді. Бірі «Сөйлеңдер деген бұйрық болған жоқ, не десін енді?» десе, келесісі «Ол тарақандар зияны аздау, тақыр кедей болатын» деп ойын жазды.
Соған қарағанда төменгі палата депутаттарының Атырауда өткен митингке қатысты пікірін айтқысы келмей, қаша жөнелгені министрлік өкілінің де ашуына тисе керек.