"БЕЙБІТ ШЕРУ жоқ" дегенге АТЫРАУ "бар" деп дәлелдеді!
2016 ж. 26 сәуір
3278
1
Ел экономикасын ЖЕР САТЫП, көтереміз деп, ҰЛТЫМЫЗДАН айырылып қалмайық!
МЕН ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫН ШАҚЫРАМЫН! БҰЛ ШЕРУ "МИТИНГ" ЕМЕС! ӨЗ ЖЕРІМІЗДЕ ЖИНАЛЫП ОТЫРУҒА! Кім қалай түсінсе олай түсінсін, АЛ МАҒАН ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕ ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫМЕН БАС ҚОСЫП ЖИНАЛУҒА РҰҚСАТ БЕРМЕСЕ, ОНДА КӨРЕМІЗ! 5 МАМЫР САҒ 12.00 ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫН "ЖАҢА АЛАҢДА" КҮТЕМІН! Ер азаматтарымыз ҚАТЕРГЕ дайындалғандай, шыж-быж болып жатқанына қарағанда, ертен елдің ашуына әдейі тиіп, жапырып жіберу мақсаттары іске асуын күтіп отырғандардың ОЙЫНШЫҒЫ болады. ЕЛІН, АҒА-БАУЫР, ӘПКЕ-ҚАРЫНДАСТАРЫН құрдым мен мәңгілік құлдыққа жетелейді. АШУға беріліп, біреуді баласынан, әкесінен, ағасынан айыруға ХАҚЫЛАРЫҢЫЗ ЖОҚ! Немесе, астындағы Отан-Ана жері сатылып, жалға беріліп жатқаны жайлы қыстырмайтын жандар қалай тыныш ұйықтайды екен? Ертен балалары "МЕН ҚАЗАҚПЫН" деп айтуға қорқатын болатының ойлады ма? "БЕЙБІТ ШЕРУ" жоқ дегенге АТЫРАУ бар деп дәлелдеді! БІР ҮЙДІҢ БАЛАСЫНДАЙ, ашу-ызаға берілмей АЙТЫП, ТЫНДАП, КЕЛІСІП, ШАРТТАРЫН ҚОЙЫП кетті! Түсінесіздер ма, ОСЫ У-ШУДАН кім қандай пайда көріп жатқаны әлі БЕЛГІСІЗ! Мен, 25 ке келсем де, ЖЕР мәселесі жайлы енді оқып, енді біліп жатырмын! Өзімше бірдене түсінгендеймін әйтеуір.... ӨТІРІК емес, біздің елде көптеген жерлер қолданусыз бос жатқаны, оны жалға беріп экономикасын көтеремін деген ой да бір естігеннен айтарлықтай қорқынышты емес... Бірақ, экономикасын тез көтеремін деп ҰЛТЫНАН айырылып қалуы жайлы ұмытпау керек! ЖЕР!!!! Құдай ау ЖАЛҒА ҚЫТАЙҒА бергеннен, ЖЕР ҚОЛДАНУҒА ЖАРАМАЙ ҚАЛЫП ЖАТҚАНЫҢ, дүние жүзінде болып жатқан күрделі мәселені неге зерттемейді? Тіпті ҚЫТАЙ елінің өзінде рұқсат берілмейтін жылына 1 рет жеміс беретін ағашты 3-4 рет жеміс беретін ететін xимиялық қоспаларды біздің жерімізге қолданса, ХАЛЫҚТЫҢ саудасы былай тұрсын ДЕНСАУЛЫҒЫ не болмақ? Ертен солар қолданған жер уланып, адамға ғана емес, айналаға, жануарларға да ӨТЕ ЗИЯН болады. Басқа елдердің басынан өтіп, қазіргі кезде РҰҚСАТ БЕРМЕЙ жатса, неге біздің ЕЛДЕ xалықтың наразылығына қарамай жалға беріп жатыр... Ол жер беріліп, келісім шартқа қол қойып қойса да таң қалмаймын! БАСҚА ЕЛДІҢ "СИСТЕМАСЫ": 1. Қонаққа келеді 2. Жалға жер алады 3. Жер сатып алады 4. Қазақ елінің ҚАЗАҚ xалқы өз ЖЕРІНДЕ өзі ЖЕТІМ болып ҚОНАҚ та бола алмай қалады.
Қазақ қыздары БІЗ кешегі ата бабамыз БІЗДЕР үшін ӨЛІМГЕ ӨЗДЕРІ БАРҒАНын ҰМЫТПАЙЫҚ!
Қане, шығайық!
"Провокаторлар" ҚЫЗДАРДЫ ешкіммен төбелестірмес, әдейі У-ШУ шығарып, ұрысқа жетелемес!
БІЗ, БІР ҚОЛЫМЫЗБЕН БЕСІКТІ, ЕКІНШІ ҚОЛЫМЫЗБЕН ӘЛЕМДІ ТЕРБЕТЕ АЛАМЫЗ!
Қазір АНА атанбасақ та, болашақта туылатын БАЛАМА АЛАНДАЙМЫН!
ӨЗ ЖЕРІ, ӨЗ ЕЛІ, ӨЗ ТІЛІ жоқ болса, тумай жатып ЖЕТІМ БОЛУЫНА ЖОЛ БЕРМЕЙМІН!
Айдын ТОҚСАНБАЕВА
Фейсбуктағы Janym Baklajanym парақшасынан.
qazaquni.kz