БАУЫРЖАН ӘБДІШЕВ МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН БОСТАНДЫҚҚА ШЫҒУДАН БАС ТАРТТЫ
2016 ж. 21 сәуір
2707
1
«Ахметов ісі» бойынша істі болған Қарағанды облысының әкімі Қарағанды облыстық сотына мерзімінен бұрын босатуды сұрап жазған өтінішін қайтарып алды, - деп хабарлайды Qamshy.kz Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бауыржан Әбдішевтің өтінішін сот 20 сәуір күні қарау керек болған. Алайда, өтініш қаралар уақыттан бір күн бұрын, яғни, 19 сәуір күні Б. Әбдішев өз өтінішін қараусыз қалдыруды сұрап, қайтадан өтініш жазған. Экс-әкімнің бұл әрекетінің себептері түсініксіз болып отыр. Олай дейтініміз, Б. Әбдішевтің шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шығуға мүмкіндігі бар еді.
Экс-әкімнің өтінішін қараған судья Шуженов өтінішті өзгеріссіз қалдырып, істі Қарағанды облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің АК-159/1 мекемесіне қайтарған.
10 наурыз күні апелляциялық сот 5 жылға бас бостандығынан айрылған Б. Әбдішевтің жазасын 3 жылға қысқартқан болатын. Тергеу кезінде және сот процесі барысында қамауда болған уақыты жаза мерзіміне қосылады. Ол қамауға алынған 2014 жылғы 27 қыркүйектен бастап бүгінге дейін бір жарым жыл темір тордың ар жағында отырған болатын.
Алайда, Б. әбдішевтің бұл әрекеті оның болашақта өзін мерзімінен бұрын босатуды сұрап, қайта өтініш беру мүмкіндігін жоққа шығармайды.
«Қамшы»