Өз өмірін қатерге тігіп, сарбазды аман алып қалды

01be3d395dd399cb7a1780083126f30b_LАлдын ала тергеу оқу-жаттығулар кезінде гранатаны лақтыруы тиіс болған № 6505  әскери бөлімінің жедел қызмет сарбазы Абзал Сұлтанкұлов РГД-5 гранатасын тым жақын қашықтыққа лақтырғанын анықтады. Жерге құлаған жарылғыш құрылғы іске қосылған. Бұл туралы Ұлттық гвардияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ  порталы жазды. 

"Полковник Қайрат Үмбетов өмірін қатерге тіге отырып, бірден сарбазға қарай жүгірген. Ол өз денесімен сарбазды жауып үлгеріп, жігітті аман алып қалған", - дейді Ұлттық гвардияның баспасөз қызметі.

Қазір полковник пен қатардағы сарбаздың жағдайлары бірқалыпты. Олар айтарлықтай ауыр жарақаттанбаған. Жарқыншақты иық пен аяқ жарақаттарын алған.

Еске салсақ, 7 сәуір күні сағат күндізгі 11-де Қарағанды облысы, Қарабас ауылында полигондағы оқу-жаттығу жиыны кезінде әскери граната жарылды. Салдарынан екі әскери адам жарақат алды.

Дерек көзі: NUR.KZ