“Жырлайды жүрек”
2010 ж. 24 желтоқсан
3973
0
Жуырда Алматыда оқушылар сарайында «Жырлайды жүрек» атты Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндерден мектеп оқушылары арасында қалалық ән-би байқауы өтті. Байқау «көркем сөз», «дәстүрлі ән», «би» және «эстрада вокал» номинациялары бойынша болды. Байқапуға қатысушылар кіші топ, орта топ, жоғарғы топ болып үш сала бойынша өнер көрсетті.
Халыққа кең тараған қазіргі қазақ эстрада жұлдыздарының орындауындағы кқөптеген белгілі әндердің өлеңін жазған, көрнекті ақын Ибрагим Исаев төрағалық еткен қазілар алқасы жас таланттардың өнеріне сүйсіне отырып, оң бағасын берді.
«Үш күнге созылған байқаудың қорытындысында» «Көркем сөз» номинациясы бойынша қаладағы №131 Бауыржан Момышұлы атындағы мектептің 7 жасар оқуышысы Жамбыл Дүйсенов бас жүлдеге ие болды. Кішкентай Жамбылдың дарыныбайқауды тамашалауға келгенбаршаның көңілінен шықты. Ол бірнеше рет өз жанынан шығарған келісті де кестелі жырларымен көпшілікті сүйсіндірді.
Осы номинация бойынша тағы 23 жасөспірім 1,2,3 сйылықтарға ие болды.
Келесі «Дәстүрлі ән» номинациясы да Мұқағали Мақатаев атындағы №140 мектептің 8 жасар өнерпазы Елдос Донов бас жүлдені иемденіп, 5 оқушы үш орынды бөлісті.
Ал, би номинациясы бойынша Абдолла Қарсақбаев атындағы №41 мектептің «Ақкерке» би тобы «Қара жорға» биін нақышына келтіре орындап бас жүлдені жеңіп алды. Сонымен қатар, 13 би тобы мен жеке жеке бишілер жоғарғы орындарды бөлісті.Осы өнер сайысында №12 мектеп пен №41 мектептің оқушыларды би өнеріне тәрбиелеудегі еңбектері сүйсінерлік жағдайда екендігі қуантты.
Келесі «Эстрада вокал» номинациясы бойынша сараптауда №62 мектептің өнерпазы Венера Сағидың мерейі үстем болып, бас бәйгені жеңіп алды.Осы сала бойынша тағы 21 бала жүлделі орындарды бөлісті.
Осымен үшінші рет өткізіліп отырған ән-би байқауының ұйымдастырушысы да, ұйтқысы да боп жүрген қалалық білім басқармасының бастығы Рахат Шимашоваға оқуышылар сарайының қосымша білім беру ұстазы, ұйымдастыру комитетінің мүшесі «Ғұмырдария» республикалық ән-би байқауының авторы Тоқтақынова Аймаға, продюсер Есіркепов Болатқа, дәстүрлі ән ұсазы Жұмабай Гүлденге, воколист ұстаз Туғанбаева Әсияға, хореогроф-ұстаз Аздерова Айманға деген өнер сүйер қала жұртшылығының алғысы шексіз екендігін айта кетуді жөн санаймыз.
Жуырда Алматы қаласындағы Шет тілдер және іскерлік карера университеті ректорының шақыруымен осы оқу орнында белгілі ақындар Ибрагим Исаев пен Маралтай Ыбрайымұлының студенттермен кездесу кеші өтті.
Кешті университет ректоры профессор-ғалым Сабри Хизметли ашып,осы оқу орнының жай-жапсары, мақсат мүдделері жайлы айтып, қонақтарға деген өзінің ыстық ықылас, пейілін білдірді. Осы кештің ұйымдастырушысы, шет тілдер факультетінің деканы филология ғылымдарының кандидаты Аширова Ботагөз өз сөзінде өзі басқаратын факультеттің құрамына биыл «қазақ тілі мен әдебиеті» деп аталатын жаңа топтың қосылғандығын, жаңа топ та оқитын 22 қосылғандығын, осы топта оқитын 22 студенттің біразы болашақ қаламгерлер қатарына қосылар қабілеті барлар екендігін тілге тиек етті.
Кеш қонақтары И.Исаев пен М.Ыбырайымұлы студенттерге қазіргі қазақ әдебиетінің бағыт-бағдары жайлы өз ойларын айтып, өлдеңдерін оқыды.
Кеш соңында университет студенттерінің күшімен әзірленген концерттік қойылым болды.
Маржан ОСПАНОВА