МІНЕ, САҒАН ЖАҢАРУ!!! МӘСІМОВ ТЕ МӘҢГІЛІК ПРЕМЬЕР БОЛАТЫН БОЛДЫ...
2016 ж. 25 наурыз
4284
14
Бүгін жалпы отырыста парламент мәжілісі үкіметке сенім білдірді. Дауыс беру барысында 96 депутат қолдады, төртеуі қарсы дауыс берді, ал жетеуі қалыс қалды деп хабарлайды Қазақпарат.
«Республиканың премьер-министрі жаңадан сайланған парламент мәжілісінің алдына үкіметке сенім туралы мәселе қояды. Осыған байланысты премьер-министрдің хаты келіп түсті», - деді парламент мәжілісінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов.
Жалпы отырыс барысында депутаттар үкіметке сенім білдіріп, тиісті шешім қабылданды.
«Құрметті депутаттар! Кешегі өткен саяси бәсекеде сайлаушылардың үлкен сеніміне ие болған шынайы жеңістеріңіз құтты болсын! Мен жаңа ғана сенім мандатын алған үкімет құрамының атынан және жеке өзімнің атымнан Сіздерге жаңа қызметте табыс тілеймін. Үкімет сол сенімді барынша ақтау жолында жұмысты жалғастыратын болады. Бүгін парламенттің бірінші сессиясының ашылуында мемлекет басшысы еліміздің алдында тұрған маңызды міндеттерді жан-жақты атап көрсетті. Елбасы тапсырмаларын іске асыру және халықтың әл-ауқатын жақсарту жолындағы бірлесе атқаратын жұмысымызға сәттілік тілеймін. Сенімдеріңізге рахмет!», - делінген Кәрім Мәсімовтің хатында.
Еске сала кетсек, Конституцияға сәйкес "Республиканың премьер-министрі жаңадан сайланған парламент мәжілісінің алдында үкіметке сенім туралы мәселе қояды. Мәжіліс сенім білдірген жағдайда, егер Республика президенті өзгеше шешім қабылдамаса, үкімет өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді".