Божко Мәжіліс төрағасының орынбасары болды
2016 ж. 25 наурыз
3148
7
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Мәжіліс Төрағасының екі орынбасары сайланды.
«ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңның 9 бабы 8 тармағына сәйкес палата депутаттары арасынан Мәжіліс Төрағасының ұсынуымен, палата депутаттарының басым дауысымен сайланатын екі орынбасары болады. Сондықтан өзіме берілген қүұқықты пайдаланып, ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасарлары ретінде Владимир Божко мен Гүлмира Исимбаеваның кандидатурасын ұсынамын», - деді Мәжіліс спикері Бақтықожа Ізмұхамбетов.
Осыдан кейін депутаттар Мәжіліс Төрағасының ұсыныстарына дауыс беріп, оны толығымен қолдады.
Дерек көзі:ҚазАқпарат