«АҚЖОЛДЫҚТАР» ӘЗ-НАУРЫЗДЫ ТОЙЛАДЫ

Елімізде биылғы Наурыз мейрамы Мәжіліс сайлауымен тұспа-тұс келді.
Партия жетекшісі Азат Перуашев әріптестерін қос қуанышпен – Наурыз мерекесімен және партияның сайлау нәтижесінде Парламенттік партия дәстүрін жалғастырып, жеті орынға ие болуымен құттықтады. Және де өздерінің ел сенімін ақтау жолында еңбек ете беретіндіктерін атап өтті. "Ақ жол" партиясы төрағасының орынбасары, ақын Қазыбек Иса Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтап, Жаңа жылда әріптестеріне Ақ жол тіледі. "Ақжолдықтар"  Наурыз мейрамының басты тағамы - Наурыз көжеден дәм татып, Тәуелсіз елге бақ-береке мен шат мереке тілеп, ақ тілектерін ақтарды.