Мүгедектерді жұмыспен қамтып отырған кәсіпкер
2016 ж. 11 наурыз
2008
0
Бұл аяғынан мүгедек жан бір кездері Германияда көп жыл тұрып келген еді. Бірақ, қазақ еліне деген сағыныш оның осында оралуына себеп болды. Өзі мүгедек болса да, өмірден түңілмей, кәсіп ашып, іске кірісті. Алғашқы бетте аяққа оралғы болған жайлар да шаш етектен еді. Кейін ол жұмыс ырғағын ұршықтай үйіріп әкетті. Осылай Көкшетау қаласында техника жөндейтін цех ашты.
Меруерт Қазбекова осы шағын кәсіпкерлік нысанында болып, оның жұмысымен танысты. Бір айтарлығы, кәсіпкер жігіт мұнда өзі сияқты мүгедек жандарға жұмыс тауып беріп отыр екен. Цехта бір сәтте жұмыс толастамайды. Оны ақжолдықтар да аңғарып қалды.
Кәсіпкерлер осындай кездесулерде өздерінің мұң-мұқтажын да ортаға салатыны бар. Жұмысшылар да көп сауалдарын жолдады. Әсіресе, «Тұрғын үй жинақ банкі» тарапына көп сын айтылды. Жас отбасылардың мемлекеттік бағдарламамен пәтер ала алмай жүргені де құлаққағыс етілді.
Меруерт Қазбекова өз тарапынан және партияластарының да бұл жайды Парламент мінберінен көтергенінен хабардар етті. Алдағы уақытта да бұл мәселе басты назарда ұсталатынын жеткізді. Себебі, жаңағы кәсіпкерлер ақжолдықтардан қолдау күтетіндіктерін жасырмады.
Мақаланың жариялану ақысы "Ақ жол" партиясының сайлау қорынан төленді