Тәуелсіздік мерекесі Анкарада тойланды
2010 ж. 14 желтоқсан
1690
0
Қазақстанның Анкарадағы өкілетті елшісі Жансейіт Түймебаев ұйымдастырған қонақасына Түркия Мәжілісінің төрағасы Мехмет Али Шахин, Мемлекеттік министр және Бас министрдің орынбасары Жемил Чичек, Энергия және табиғи ресурстар министрі Танер Йылдыз, Мемлекеттік министр Селма Алие Каваф, Мемлекеттік министр Зафер Чаглаян, Мәдениет және туризм министрі Ертугрул Гүнай, Түркия мәжілісі Сыртқы байланыста комиссиясы төрағасы Мурат Мержан, Әділет және өркендеу партиясының төраға орынбасарлары Хүсейн Челик және Салих Капусуз, Жоғары оқу мекемесі төрағасы Юсуф Зия Өзжан, Анкара қалалық әкімшілік төрағасы Мелих Гөкчек, басқа да елдердің елшілері және көптеген лауазымды кісілер қатысты.
Қонақасыда сөз сөйлеген Өкілетті елші Ж.Түймебаев Қазақстан мен Түркияның соңғы жылдары халықаралық табыстары турасында сөз қозғап, Қазақстанның шығыста, Түркияның болса батыста экономикалық және әлеуметтік өзгерістер жасап, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылғанын атап көрсетті. Түймебаев Түркияның Қазақстанның тәуелсіздігін таныған алғашқы елдердің бірі екенін және сол кезден бері өткен уақыт ішінде екі ел арасында экономикалық, әлеуметтік, әскери, стратегиялық және сауда байланыстарының дамығанын білдірді.
Келесі жылы Қазақстанның тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойын тойлайтындарын атап көрсеткен Өкілетті елші «Ғасырлық достығымыз бен мәңгі бауырластығымызға сүйенген Қазақстан-Түркия байланыстары әрқашан мықты болады деп сенемін» деді. (www.trtkazakh.com)