ЖАСТАРДЫ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗЫҚТЫРАДЫ
2016 ж. 09 наурыз
1841
3
«Ақ жол» партиясы Астана қалалық сайлауалды штабы Басқару колледжінің оқытушылары және студенттерімен кездесу өткізді.
«Ақ жол» партиясы Астана қалалық филиалында өткен кездесуде қалалық штаб мүшесі Михаил Горбунов оқытушылар мен студенттерге партияның сайлауалды бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері туралы айтып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен халықтан ұрланған ақшаны қайтару басты назарда екеніне тоқталды.
Ол Елбасы Жолдауындағы ел экономикасын қайта құрылымдау және мұнай мен шикізатқа тәуелділіктен шығару туралы саясатын әңгімелеп берді. «Ол үшін 7 мыңнан аса мемлекеттік кәсіпорындарды ауқымды жекешелендіру, атап айтқанда «Самұрық-Қазына», «ҚазАгро», «Бәйтерек» сияқты үлкен холдингтерді шағын және орта бизнес базасында ұйымдастырып, оларды жеке бизнес менеджерлеріне беру жоспарланып отыр. Дамыған елдердегі жалпы ішкі өнімнің 60 пайызы шағын және орта бизнестен түседі. Жолдау ел экономикасына инвестиция тартуды жыл сайын ұлғайту, қаржы секторларын реформалау, бюджет саясатын оңтайландыру, бәсекелестікті ынталандыру жоспарланып отыр.
«Ақ жол» партиясының мыңдаған мүшелері - шағын және орта бизнес өкілдері, жақсы бизнес менеджерлері өсіп келеді, ең бастысы тәжірибелі және білікті, нағыз Қазақстанның патриоттарынан құралған», - деп атап өтті ол қатысушылардың сұрақтарына жауап берген кезінде. Кездесуге жиналған жастарды кәсіпкерлік саласы көбірек қызықтырып, соған орай сұрақтарды жиі қойды. Ол сұрақтарға да ақжолдықтар толық жауап беріп, кәсіпкерлікпен айналысудың нақты жолдарымен таныстырды.
"Қазақ үні" газеті
Мақалалардың жариялану ақысы «Ақ жол» партиясының сайлау қорынан төленді.