Ақжолдықтар аспантаулар аясында
2016 ж. 09 наурыз
2048
0
«Ақ жол» партиясынан ҚР Парламент Мәжілісіне депутаттыққа үміткер Нұрлан Жазылбеков Алматы облысы, Райымбек ауданы, Кеген ауылында сайлаушылармен кездесті.
Кездесу аудандық Мәдениет үйінде өтті. Н.Жазылбеков өзінің баяндамасында V шақырылымдағы Парламенттегі «Ақ жол» партиясы фракциясының қызметіне тоқталып, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Ол сондай-ақ ауылдағы жұмыспен қамту, жұмыссыздықты азайту және ауылдың инфрақұрылымдарын қалпына келтіру мен дамыту мәселелеріне баса назар аударды.
Н.Жазылбеков сонымен қатар сайлаушылардың бірқатар сұрақтарына жауап берді. Сайлаушыларды негізінен ауданды газдандыру және жолдардың сапасыздығы алаңдататыны байқалды. Депутаттыққа үміткер бұл сауалдарға «Биыл Көлсай-Алматы жолының құрылысы басталады, өйткені Райымбек ауданы бұрыннан Республиканың туристік аймақтарының бірі болған және болып қала береді» деді. Кездесу барысында Н.Жазылбеков сайлаушыларды алдағы мерекелерімен кұттықтады.
Сондай-ақ келесі күні Н.Жазылбеков аталған облыстың Жаркент қаласында болып, «Универсал» ЖШС-ның ұжымымен кездесу өткізді.
«Универсал» зауытының басшысы З.Кузиев кәсіпорын жұмысымен таныстырып, келешектегі жоспарларымен бөлісті. Депутаттыққа үміткер Н.Жазылбеков өткен фракцияның жұмысы жайлы баяндап, «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
"Қазақ үні" газеті
Мақалалардың жариялану ақысы «Ақ жол» партиясының сайлау қорынан төленді.