АҚЖОЛДЫҚТАР АҚТӨБЕ АЙМАҒЫНДА
2016 ж. 03 наурыз
1909
22
Ақтөбе қаласында, «КТЭМ» (КазТеплоЭнергоМонтаж) зауытында Қазақстан Республикасы Мәжілісі депутаттығына Азат Перуашев бастаған «Ақ жол» партиясынан ұсынылған үміткерлер облыс сайлаушыларымен кездесдесті.
«Ақ жол» ҚДП-сы төраға орынбасары Казыбек Иса, партияның Орталық Кеңес хатшысы Берік Дүйсембинов, Ақтөбе облысынан Мәжіліс депутаттығына үміткер Дания Еспаева, Маңғыстау облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Жаңбырбай Доспаев, «Атырау Констракшн сервисез ЛТД» ЖШС-ның бас директоры Серік Ерубаев және тағы да басқа азаматтар қатысты.
Партия жетекшісі Азат Перуашев, «Ақ жол» партиясының сайлауалды тұғырнамасы мен алдағы уақыттағы жоспарлары туралы айтып берді. Қазыбек Иса Ахмет Байтұрсыновтың, «сауатты болу үшін оқуымыз керек, бай болуымыз үшін кәсіппен айналысуымыз керек ал, мықты болу үшін, ауызбіршілігіміз мықты болу керек» деген қанаттты сөздерін еске салып, «Ақ жол» туы астында бірігуге шақырды. Зауыт жұмысшылары «Ақ жол» партиясына алдағы сайлауда сәттілік тіледі.
«Ақ жол» ҚДП-сының Ақтөбе облыстық филиалының баспасөз қызметі
Мақаланың жариялану ақысы "Ақ жол" партиясының сайлау қорынан төленді.